• Байланыс: 8-7252-539276
  • Email: Mektep-9@mail.ru
logo-img
БІЗБЕН БАЙЛАНЫСЫҢЫЗ
  • мектеп
    • Басты бет
    • Тарихы
    • Міндет
    • Директордың үндеуі
    • Ішкі тәртіп ережесі
    • Біздің жетістіктеріміз Жаңа
      • Білім
      • Спорт
  • Команда
    • Мектеп әкімшілік
    • Әдістемелік бірлестік
      • қазақ тілі бірлестік қ/б
      • математика, физика, информатика және ЕТН бірлестік қ/б
      • бастауыш мектеп бірлестік о/б
      • тарих және география, құқық пәндері бірлестік
      • орыс тілі бірлестік қ/б
      • шетел тілдері бірлестік
      • орыс тілі бірлестік о/б
      • химия және биология бірлестік
      • этика және эстетика бірлестік
      • дене тәрбиесі бірлестік
  • Білім
    • Оқу бағдарламалары
    • Қосымша бағдарламалар
    • Өзін өзі басқару
  • Қызметтер
  • Блог
    • Мектеп өмірінен бір сәт
    • Жігіт сұлтаны
    • Сұлулар байқауы
    • Эстафета

"Директордың үндеуі "

  / МЕКТЕП     /   Директордың үндеуі

Қайырлы күн! Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 IT лицейінің сайтына қош келдіңіздер!

image
Абилдаева Гульназ Сайлауовна

Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің директоры

Қазақстан Республикасының заманауи білім беру жүйесіндегі басымдықтардың бірі - оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту және функционалдық сауаттылықты дамыту болса, біздің лицей мемлекеттік стандартқа сәйкес осы мақсатты жүзеге асырады.
Сайт материалдарымен таныса отырып, толық ақпаратты ала аласыз. Мен тек негізгі аспектілерге тоқтала кетейін. Біздің педагогикалық ұжымның жұмысы білім алушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруға ықпал ететін білім беру және сауықтыру процестерін бірыңғай функционалдық кешенге біріктіретін білім беру кеңістігін қалыптастыруға бағытталған.
Лицейдің жүйе құрушы принципі ретінде Жетістік Педагогикасы таңдалды. Біздің лицей ұжымы- лицейдің тұжырымдамалық негізін қабылдайтын, оқушыларға бірыңғай педагогикалық талаптар қоюға қабілетті, қазақстандық білім беруді модернизациялаудың негізгі ережелеріне сәйкес білім берудің мазмұны мен сапасын жаңартуға дайын кәсіпқойлар ұжымы. Авторлық бағдарламалар, оқушылар мен мұғалімдер жетістіктерінің тұрақты жоғары деңгейі лицей педагогтерінің зияткерлік еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Лицейде математика тереңдетіліп оқытылады, сонымен бірге физика, химия, биология және география пәндері бейінді оқытылады. Бейінді сыныптарға педагогтерден бөлек ЖОО мен қосымша білім беру мекемелерінің оқытушылары тартылған.

Соңғы технологиялық жетістіктермен жабдықталған физика, биология, робототехника, химия кабинеттері және STEM-кабинеттері заманауи ресурстық қамтамасыз етуді ғана емес, лицейдің шығармашылық кеңістігіне де реңк береді.
Лицей "Оқуға құштар мектеп", дебаттық қозғалыс және мектептің өзін-өзі басқару Республикалық жобаларын жүзеге асырады. "Оқушы-мұғалім-ата-ана" үштұғырлығы оқыту мен тәрбиелеуде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз етеді. "Мұғалімнің ұстанымы -қызмет емес, Құдай берген міндет. Бұл үшін жоғары жан болуы керек, ол басқа адамдарға жалынды бере алады, оның орнына ештеңе талап етпейді", – деген Ыбырай Алтынсариннің сөзі лицейдің тәрбие жұмысындағы ұстанымына айналды.
Біздің білім беру мекемеміздің миссиясы- ғылым мен жоғары технологиялар саласында өзін таныта алатын жоғары интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеу мен білім беруге қолайлы жағдай жасау.
Ал қазіргі заманғы мұғалім үшін уақытпен бірге қадам басып, "жаңа көкжиектерді", жаңа білім беру платформаларын және цифрлық мүмкіндіктерді игерудің маңызы зор!

Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер!
Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған.
Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді.
Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол.
Cұрақтарыңызды осы жерде қойсаңыздар болады.


Сіздің сұрақтарыңыз бар ма?
Өз сұрағыңызды жазып, email почтаны енгізіңіз
Сұрағыңызға жақын арада жауап береміз.

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі

Жұмыс уақыты

  • Дүйсенбі - Жұма 09:00 - 18:00
  • Сенбі- ЖексенбіЖабық

Анықтама

  • Мектеп тарихы
  • Міндеті
  • ішкі тәртіп ережесі
  • Мектеп әкімшілігі
  • Оқу бағдарламасы
  • Өзін өзі басқару
  • Қызметтер

Бізге хабарласыңыз

8-7252-539276

Mektep-9@mail.ru

Суреттер

A photo on Flickr A photo on Flickr A photo on Flickr A photo on Flickr A photo on Flickr A photo on Flickr A photo on Flickr A photo on Flickr A photo on Flickr
© Copyright 2020-2022 жыл. altynqalam.kz
Ережелер мен шарттар
Барлық құқықтар қорғалған.
Түс таңдаңыз