EN KZ RU
550 jul Qazaq handari Qazaq tu

Қазақ хандығы


XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Қазақ қоғамы саяси және құқықтық белгілері бойынша ерекшеленететін негізгі екі әлеуметік топтан тұрды. Мұның 6ipi - «ақсүйектер» тобы. Oғaн Шыңғысхан ұрпақтары - терелер мен Мұхаммед пайғамбардың ілімін насихаттаушылардың ұрпақтары - қожалар кірді. Қалған әлеуметік топтар «қара сүйек», яғни қарапайым халыққа жатты.
Шыңғыс хан ұрпақтарына туған кезден бастап берілетін құқығы бойынша сұлтан атағын алды. Әке жағынан туыс, 6ipaқ хандық құрмаған Шыңғысхан тұкымдарына қатысты «оғлан» немесе «төре» терминдері де қолданылды. Мұндай тектік белгі оларға туғаннан бастап берілгендіктен, бұл атақтар олардың материалдык байлығы мен рухани статусынан тәуелсіз беретін болған.
Шыңғыс хан ұрпақтарының Моңғол империясының саяси дәстүрлері сақталған кез келген мемлекетте хан тағынан үміткер бола алатын кұкығы сақталды.
Қазақ қоғамын басқаруды хан сұлтандар мен ру басылары арқылы жүзеге асырды. «Жеті Жарғыда» атап көрсетілгендей, олар «халықтық істерді талкылау үшін дала төсіндегі 6ip орынға күзде жиналатын» болған.
Әлеуметтік иерархияның билігі хан тұрды. Саяси дәстүр бойынша хан тағына отыруға әулетің үлкеніне артықшылығы құқығы берілді Хандыққа сайлағанда, ежелгі салт бойынша ақ киізге отырғызып, хан кетеру рәсімі сакталды. Хан боп жарияланатын адамды ақ киізге отырғызады да, оньщ ұштарынан ұстап үш рет жоғары кетереді Бұл рәсімне кейін той-думанға ұласатын болган. Хан темендегей қызмет атқарды: хандықтың барлық аумағына api барлық жеріне билік eттi, жоғары бас қолбасшы болды, согыс жариялады немесе бітім жасасты, сырткы дипломатиялық байланыстарда басты тұлға болды, сырткы саясат бағытын айқындады; жоғарғы заң шығарушы- лык және жоғарғы сот кызметтерін орындады. Ханның айналасында Keneciumepi, кемекштерь арнайы жасағы жэне KyTymmepi журдк XVII—XVIII ғасырдың I жартысында қазақ хандығының орталықтары Ташкент пен Түркістан қалалары болды. Хандық кұрмаған теөелер сұлтан титулын иеленіп, ұлыстарға билік жүргізді Шамамен алғанда ұлыстар 10 мыңға жуық шаңырақтан немесе 60 мыңдай халықтан тұрды. Хандық жиырмаға жуық ұлыстан кұралды. ¥лыстың аумағын белгілеуді, оны иеліктен алу мен 6epyдi хан жүзеге асырды. Сұлтандарға ұлыстың билеушісі әpi ұлыс әскерін басқару құкығы бертд!. Олар тән жазасынан босатылды және билер сотына түспеді . Оларды аға сұлтан немесе хан ғана жазалай алды. Жалған атпен «ақсүйек» атын жамылу- кici өлтірумен тең болатын толық кұн төлеу арқылы жазаланды. Қазақ қоғамында билердің алатын орны ерекше болды. Олардың ықпалы баскаратын руларының тектілігімен, санының көптігімен, күштілігімен аньықталды. Билерге қарауындағы рулардың сот, әкімшілік және әскери билігі 6epinді. Олар сұлтандармен қатар саяси билік атқарып, ру басылары ретінде жалпы мемлекетік істерді шешуге қатысып отырды. Билер қауымы арасындағы ықпалдылары мен беделділері хан жанындағы билер кеңесіне енді. Қазақ қоғамында мүліктік жағдайы мен дәулетіне қарай бай және кедей болып бөліну қалыптасқан. Байлар қоғамның саны басым топтарын құрағанымен, ерекше құқықтар мен артықшылықтарға ие бола алмады. Мысалы, Ибн Рузбихан өз еңбегінде қазақ қоғамындағы байларда ондаған киіз үйлерінің, жүздеген түйелерінің, ондаған мың қойларының болғанын және табындарында 15, 18, кейде, TinTi 26 мың жылқыға дейін есептелетінін атап көрсетеді. Бұдан "әpi ол: «Қазақтар өте бай тұрады, ең кедей деген отбасының өзінде бірнеше мың бас қой, жылқылары және өгіздері бар», - деп жазады [22, 40-6.].
Бай адамдар билердің, батырлардың, қатардағы көшпелілердің және басқа топ өкілдерінің арасында да болды. Байлық үлкен пайда, қоғамдық бедел мен абырой әкелсе де, ол ерекше саяси құқықтар бере алмады. Ал «ақсүйектердің» кедей деген өкілінің өзi оларға тиісті барлық құқықтар мен артықшылықтарды иеленді. Онымен орасан зор дәулетке ие, бірақ төре тұқымы болып саналмайтын байлар таласа алмады. Қазақ қоғамында мұсылман діндарлары да маңызды орын алды.
Еркін кешпелi адам жеке және мүліктік құқықтарды иеленетін заңды тұлға болды. Жеке адам мен оның құқықтарын қорғау ру мүшелерінің ерекше ынтымақтастығымен қамтамасыз етеді, мемлекетік аппарат мұндай қызметін орындаған жоқ. Сейтіп, жеке адамның ру мүшесі ретінде ғана мәні болды. Қарапайым халық қоғамдық сатының теменгі басқышын құрады. Қазақ қоғамының ең құқықсыз әлеуметік тобы құлдар болды. Құлдықтың Heгізi қайнар кездер тұтқындар, саудаға түскендер, борышын төлеуге қабілетсіз адамдар болды. құл затқа, малға теңеліп, иесінің толық билігінде болды, ол құлдың қылмысы үшін жауапты болды әpi өмipiнe қожалык жасады. Қазақ хандығында жерді сыйға тарту дәстүрі қалыптасты. Яғни жерге мұрагepлiк құқынын иеленуді «сойұрғал» деп атады. Малшы қауымы зекет салығын төледі, ет түрінде соғым, сыбаға берді. Егінштер баж, харадж төлеп тұрды. Қарапайым жұртшылық қоғамдық жұмыстарға - мердігерлікке тартылды. Әскер ушін каналға, сондай-ақ текті адамдар үшін жамалға салығы алынды. Әскерді жабдықтау үшін тағар жиналды. Мұсылман дінбасылары вакфтік жерлерді иеленді.
Қазақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал өнімдері: азық- түлік, тұрғын үй жабдығы, көлік, саудадағы айырбас құралы болды. Қазақтар қысы-жазы жайылу мен тебіндеуге беиімделген мал: қой, жылқы және түйелерді көп ecipеді. Қой ecipyдің ерекше маңызы болды. ETi мен cүтi тамаққа пайдаланылды, жүнінен киім, Tepiciнeн аяқкиім, ыдыс-аяқ, қаракел eлтіpici, майынан сабын дайындалды. XV ғасырда Венециандық саудагер И. Барбаро: «Бұл халық құйрығы 12 фунтка дейін тартатын, ұзын қылшықты әpi ұзын сирақты дәу қойларды ecipeдi. Мен құйрықтарына байланған арбаларды сүйреткен қойларды көрдім», - деп жазды [33, 325-6.]. XVI ғасырда Арал маңында болған ағылшындық А. Дженкинсон Қазақ халқының ipi әpi үлкен құйрықты, салмағы 60-80 фунт тартатын қойларды асырайтынын мәлімдейді. Мырза Мухаммед Хайдар Дулати өзінің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде Қасым ханның Моғолстан ханы Сұлтан Саидпен кездесуін және оның көшпелі өмip салты туралы айтқан ойларын былай суреттейді: «Біз дала тұрғындарымыз, біздің сирек кездесетін Қымбат заттарымыз жоқ, басты байлығымыз - жылқы. Оныың eTi мен Tepici 6iзгe ең жақсы тамақ пен киім болады... біздің жерімізде бақтар да, ғимараттар да жок, 6iздің сапарымыздың мақсаты - жайылып жатқан малдарга суйсіну; ал табынға барып, жылқыға қарайық...» [22, 32-33-6.]. Ipi кара мен ешкі ecipyден Қазақтар үшін маңызы аз болды. Мал жеке меншікте болса, ал жайылым жерлер ұжымдық меншікте болды. Қазақ руларының дәстүрлі көші-қон жүйесі ғасырлар бойы қалыптасқан жолдардан құралған eдi. Қазақтар жазда малды үлкен табынымен қыраттарға жайса, қыста өзен жағалауларындағы ойпан жерлерге тебіндететін болған. Мал өpiciнің аумағы маусымдық жайылымның төрт түpiHe 6өлiнедi: қысқы - қыстау, көктемді - көктеу, жазғы - жайлау, күзде - күзеу. Қыстау мен маусымдық көш арасын­ дағы қашықтық жүздеген шақырымдармен өлшенді және жолдың ұзактығы бірнеше айларға созылды. Малшылардың тұрғын жайы т\з үй болды. Бұл үйлер жануарларға теңделіп тасымалданатын, әpi тез бөлшектеніп, құрылатын қолайлы да қарапайым eдi. Жығылып, реттелген кию үй 6ip түйеге ғана жүк болады. Киіз үйдің сүйеп (ағашы) талдан жасалған тор шарбақтардан - керегеден тұрады, олардьщ әp6ip қатары — қанат (4-тен 12-ге дейін) киiз үйдің шеңберін айнала құрайды. Киіз үйдің үстіңгі жағы уықтан тұрады. Оның ұштарына шаңырақ кигізтеді, ал оның санылауынан жарық түсіп, ошақтан түтін шығатын eтiп жасалады. Қазақтарда аңшылық дәстүр де өзінің мән-маңызын сақтады. Аңшылықтың бірнеше түрлері болды: аңшы құстар - қаршыга, бүркіт, сұнқармен немесе тазы иттермен аң аулау; айдап торға түcipy және т.б. Қазақтар егіншілікпен де айналысты. Егіншіліктің дәстүрлі аймақтары Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сырдария, Арыс, Шу, Талас аудандары болды. Негізінен бидай, тары, арпа ecipедi. Суармалы eгiншілік аудандарында арықтар жүйесі жақсы дамыды. Суармалы егін алқаптары өзен бойы мен қалалардың айналасына орналасты. Қыратты жерлерде де егін егілді. Қазақстанның далалы аймақтарында егіншілік нашар дамыды, онымен әдетте көшерге жеткілікті малы жоқ кедейленген Қазақтар айналысты. Отырықшы Қазақтар қыстау маңына көбінесе тары еккен. Қазақ хандығының экономикалық өмірінде калалар маңызды рөл атқарды. Олардың ішінде Сырдария алқабындағы отырықшы және кешпелі дала шегінде тұрған Сығанақ қаласы ерекше орын алады. Мұсылман қауымының қасиетті орны әpi Қазақ хандарының резиденциясы болған Түркістан ipi саяси, экономикалық әpi мәдени орталық болды. Мұнда Eciм, Жәңгір хандардың кесенелері салынды. XIV ғасыр мен XV ғасырдың тоғысында ipгeci көтерілген аса ғажайып сәулет өнерінің ескерткіші Қожа Ахмет Иасауи Keceнeci болып табылады. Оның ұзындығы 65,5 м, eнi 45,5 м, қасбеттеп дарбаза маңдайшасының 6иіктігі 37,5 метрге жетеді. Оның ішіндегі отыздан аса бөлмелер, салтанат залы, мешіт, кітапхана, кесене орналаскан. Орта ғасырлың ғалым Ибн Рузбихан өз енбегінде: «Иасы - Түркістанның басты қаласы, төңірегі байтақ әpi көкке оранған. Мунда барлық өңірлерден тауарлар Keлin Tүcin, осы арадан жан-жаққа тарайды. Бұл жерге саудагерлер Keлin тоқтайды, саяхатшылар соғып өтеді. Ахмет Иасауи KeceHeci - әлемдегі ең зәулім ғимараттардын 6ipi. Кесененің сәулетінен адам өнepiнiң соншалықты таңғажайып кереметтігі көрінеді. Оның күмбезінің биіктігі алдында пирамиданың өзi кейін қалады», - деп жазған [22, 45-6.]. Сауран, Сайрам, Созақ, Аркук, Түркестан, Отырар сиякты басқа да қалалар Қазақ халкыньщ өмірінде маңызды орын алады. Отырар, Сығанақ және Созақта шамамен 5500, Сайрамда 7560, Түркістанда 9180, Сауранда 11 мың халық тұрған. қалалар махалла түзеп тұрды, әp6ip махаллада 6-дан 15-ке деиін үй болды. Қаланың 6ip 6өлiгiн қоғамдық пайдалану орындары мен ғимараттар - мешіттер, моншалар, алаидар, базарлар алып жатты. Оган қала ауданының шамамен төрттен 6ip 6өлігi бөлінді. қолөнер махаллалары да қала құрылымына енетж болған. Ақша негізінен Түркістанда және Ташкентте соғылған. Бұл мыс динарлар мен күміс теңгелер еді. Қазақтардың шаруашылығында колөнер мен үй кәсіпшілігі маңызды орын алды. Олар негізінен, мал өнімдерін өндеумен байланысты болды. Қолөнер түрлеріне: ұсталық, зергерлік, құрал-сайман жасау, Tepi-былғары өндеу, Tігіншілік, етікшілік жатты. Ағаш оюшы ұсталар, темір мен мыстан бұйымдар жасайтын, ат әбзелдерін, қару-жарақ, сауыт-сайман жасайтын шеберлер қоғамда ерекше құрметтелді. Ағаштан түйін түйетін шеберлер - балташылар, ұсталар болды. Олар арба, киіз үй жабдықтарын жасады. Қазақ хандығының экономикасында кен өндіру ici де жақсы дамыды. Ұсталар, шеберлер, зергерлар Teмip, қорғасын, мыс, куміс, алтын және тағы да басқа металл түрлерімен қамтамасыз eтiлin отырған. Қоғамдағы әйелдер қауымы кілем тоқу, киіз басу iciмeн айналысты. Бұл өнер Tүрлерінің де дәстүрі терең eдi. Tepi мен киіз өндеуде әшекей, өрнек салу, құрақ тiгy әдістерін терең меңгерді. Көшпенділердің өмірінде әскери дәстурдін ерекше орын алғанын атап өткен жөн. Ер-азаматтар қару асынып жүруге құқылы ғана емес, міндетті деп саналды. Егер құрылтайға ер-азамат қарусыз келген болса, оның сөйлеу құқыгы болмады, ал жасы кішілердін оған орын бермеуіне де болатын. Қазақ хандығында тұрақты әскер болмады. әp6ip ру қажет болған уакытта жасақ беруге міндеттi болды. Ру жасақтары ру басына бағынатын дербес әскери 6өлімді құрады. Әp6ip ру жасағынын өз байрағы мен ұраны болды. Бұл жасақтар ұлыс әcKepiнiн құрамына енді. Қазақ хандығы соғыс жағдайында 300- 400 мың әскер шығара алатын еді. Қазақ сарбаздарының негізгі қаруы алдаспан мен садақ болды. Қарудың басқа түрлерінен айбалта, қолшоқпар, қысқа шоқпар, күрзі шоқпар, аттың қылынан шашақ тағылған әpi қарсыласын аттан жулып Tycipy yшiн басына ілмек салынған ұзын найза қолданылды. Қазақтар қару-жарағын өздері жасады. Шақырылған кезде әp6ip сарбаз жорыққа екі ереуіл атымен және сауыт-сайман, бес қаруымен шығуы міндетті болды. Қазақ сарбаздары соғыс барысында іpтүpлi ұрыс тәсілдерін қолданған: жауға тұтқиылдан шабуыл дап, шеңбер жасай шайқасты; дұшпанына тиген кезде жаудың тылын айна- лу немесе шеткі қанатына шабуылдау және т.б. Ерлігімен кезге түскен сарбазға халық «батыр» деген құрметті атақ 6epin отырған.
Үстіге көтерілу
Xabarlama jazu